Қаламызда спорт саласын дамыту бағытында халықаралық теннис орталығы құрылысының маңыздылығына байланысты және спортшыларға халықаралық жарыстарға қатысу және өткізу үшін қалада барлық мүмкіндіктер барын ескере отырып, аталған теннис орталығы құрылысының инвестициялық жобасы 2008 жылдан бастап іске асырыла бастады.
 Бұл жобаның бастапқы жалпы құны 1 696,0 млн.теңгеден (26.09.2008 жылғы №18-411/2008) 1 316,0 млн. теңгеге кеміп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (11.08.2010 жылғы №19-0384/10). Жобаға сәйкес теннис орталығы республикалық жарыстарды өткізу регламентіне және халықаралық теннис федерациясының жаттықтыру процесін өткізу стандарттарына жауап беруі қажет болғандықтан 2008 жылы қалалық бюджет есебінен «Жасыл қала» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту арқылы теннис орталығының және Абай саябағын қайта құру бойынша ЖСҚ дайындауға 2007 жылдың 25 желтоқсанындағы №5/39-4с «2008 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қалалық мәслихат шешімімен 44,0 млн.теңге қаралды. Аталған жоба «Жасыл қала» ЖШС мен «АRNA-проект» ЖШС арасындағы 2008 жылдың 23 мамырдағы келісім-шартына сәйкес 40,9 млн.теңге толығымен игерілді.
 «2009 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2008 жылдың 23 желтоқсанындағы №16/161-4с қалалық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылдың 23 шілдесіндегі №24/237-4с қалалық мәслихат шешімімен қалалық бюджеттен Абай саябағындағы халықаралық теннис орталығының құрылысына 50,0 млн.теңге қаралды. Қалалық мәслихат шешімімен және «Жасыл қала» ЖШС мен Хорватия елінің өкілдері «Concept-90» ЖШС арасындағы 2008 жылдың 8 желтоқсандағы келісім-шарты және келісім шарттың 2009 жылдың 14 қыркүйектегі келісімі негізінде 49,6 млн.теңгеге жерді игеру жұмыстары жүргізілді.
 2010 жылы 11 мамырда өткізілген мемелкеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша «Шымкент қаласының 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шымкент қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі №541 санды қаулысына сәйкес 2010 жылы республикалық бюджет есебінен 300,0 млн.теңге теннис орталығының құрылысына, атап айтқанда 12 ашық теннис корттарының құрылысына бөлініп, құрылысы толығымен аяқталды.
 Жобалық-сметалық құжаттамасына 2010 жылы түзетулер (1 696,0 млн.теңгеден 1 316,0 млн.теңгеге кеміген) енгізілуіне байланысты 2011 жылы ОҚО әкімдігі және ҚР Туризм және спорт министрлігі арасындағы 2011 жылдың 18 наурызында жасалған келісім-шарт негізінде 925,1 млн.теңге бөлінді. 2011 жылдың 8 сәуірінде қаралған қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында 1,7 млн.теңге үнемделіп, мердігер мекемемен 923,4 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға қабылданды.
 ҚР теннис федерациясының қала әкімі А.Жетпісбаевтың атына жазған 2011 жылы 17 қарашадағы №59 жобаға түзетулер енгізу керектігі туралы сұраныс келіп түскеніне байланысты спорт саласындағы уәкілетті орган Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе қарай келе, Абай саябағындағы Халықаралық теннис орталығының 2-кезеңін қарастыру қажеттілігі анықталды.
 - 2 топырақ төселетін жабық корттарының құрылысы (профессионалды және жай спортшылар мен теннисшілердің ауа райының кез-келген мезгіліне қарамастан тиімді дайындалуына ықпал жасайды, жарақат алу деңгейін азайтады);
 - 20 орындық жатақханасы, 50 орындық асханасы және әкімшілік 6-8 кеңсе бөлмелері орналасатын 3 қабатты ғимаратының құрылысы;
 - бастапқы жобада қаралмаған аумақтарды когалдандыру және абаттандыру жұмыстары.
Бұл жоба іске асырылған жағдайда, Шымкент қаласында спорттың бұл түрінен биік потенциалға ие болатын, еліміздің дарынды балғын спортшылары шұғылданатын теннис академиясын ұйымдастыруға жол ашады және ҚР теннис федерациясының талаптарына сәйкес және халықаралық ITF стандарттарына сай спорт базасы қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда Халықаралық теннис орталығының 2-кезеңінің ЖСҚ-на жергілікті бюджеттен 50,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоба жұмыстары 37,0 млн теңгені құрайды